Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

1 сағат бұрын

«Байсуфиновтың бас командадан кетеді деген жалған» — Танымал спорт журналисі Ермұхамед Мәулен

«Байсуфиновтың бас командадан кетеді деген жалған» — Танымал спорт журналисі Ермұхамед Мәулен

Фото:ҚФФ

Бұған дейін БАҚ беттерінде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов қызметінен кетуі мүмкін деген ақпарат тараған.

Осыдан кейін танымал спорт журналисі әрі комментатор Ермұхамед Мәулен бұл сөздерді жоққа шығарды.

«Байсуфиновтың бас командадан кетуі – жалған. Оның үстіне құраманың нәтижелері де жаман емес. Ешкімге 6:0 жеңіліп жатқан жоқ. Ақпараттық шабуыл жасап құрама команда ойыншыларының көңілін түсіріп, атмосфераны бұзғысы келіп жүргендердің бұл ісі ұятсыздық. Құрамада ойнайтын жігіттер, пабликтердегі пәтуасыз ақпараттарға мән бермей, ел үшін, бас бапкер үшін соңына дейін ойнауларыңызды өтінемін! Мажарстанға қарсы ойында сәттілік серігіміз болсын!», – деді Ермұхамед Мәулен.

Айта кетейік, ақпарат кеңістігінде Скот Мун Талғат Маруаұлы орнына Андже Постекоглуды алып келеді деген сыбыс айтылған еді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан