Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

8 сағат бұрын

40 жастағы Лука Модрич тарихи жетістікке қол жеткізіп, Лионель Мессимен теңесті

40 жастағы Лука Модрич тарихи жетістікке қол жеткізіп, Лионель Мессимен теңесті

Фото:Gettysport

Хорватия құрамасының капитаны, әйгілі жартылай қорғаушы Лука Модрич ұлттық құрама сапындағы матчтар саны бойынша аргентиналық Лионель Мессидің жетістігін қайталады.

Бұл көрсеткішке ол Словенияға қарсы өткен жолдастық ойыннан кейін қол жеткізді. Сол ойында Модрич бір гол соғып, Хорватия құрамасындағы жалпы матч санын 198-ге жеткізді. Ойыр 2:1 есебімен хорваттардың пайдасына аяқталды.

Осылайша тәжірибелі футболшы ұлттық құрамадағы ойындар саны бойынша футбол тарихындағы үздік көрсеткіштердің бірін қайталап, Мессимен иық теңестірді.

40 жастағы Модрич 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысады. Бұл оның мансабындағы бесінші әлем біріншілігі болмақ. Бұған дейін ол мансабын осы мундиальдан кейін аяқтауы мүмкін екенін де айтқан еді.

Айта кетейік, ұлтты құрамада ең көп матч өткізген ойыншы ретінде Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду көш бастап тұр. Оның еншісінде 227 ойын. Екінші орында Кувейттің бұрынғы ойыншысы Бадер әл-Мутава орналасқан (202 матч).


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан