Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Өзбекстандық жауынгер жеңісінен кейін баласын шошытып алды

Өзбекстандық жауынгер жеңісінен кейін баласын шошытып алды

Өзбекстандық ММА шебері Амирхон Алихужаев ирандық Алиреза Шариатимен өткен бәскеде мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Жекпе-жек ұзаққа созылған жоқ. Өзбек спортшысы алғашқы раундта қарсыласын «гильотина» әдісіне түсіріп, айқасты уақытынан бұрын аяқтады.

Алайда көпшіліктің назарын жекпе-жектен кейінгі жағдай аударды. Алихужаев жеңісінен кейін сұхбат беріп тұрған сәтте қолында баласы болған. Қуаныштан айқайлап жіберген спортшының қатты дауысынан сәби шошып кетіп, жылап қалған.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап, қызу талқыға түсті.

Осылайша Амирхон Алихужаев кәсіби мансабындағы 13-жеңісіне қол жеткізсе, Алиреза Шариати 12-рет жеңілістің кермек дәмін татты.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан