Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Әлем чемпионатында Лионель Месси үздік сұрмергендер тізімінде рекорд жаңарта ала ма?

Әлем чемпионатында Лионель Месси үздік сұрмергендер тізімінде рекорд жаңарта ала ма?

Фото:Gettysport

Футболдан әлем чемпионаты әр ойыншы армандайтын ең беделді турнир. Мұнда бір ғана голдың өзі тарихта қалуы мүмкін.

Ал бірнеше әлем чемпионатында тұрақты түрде мергендік танытып, үздіктер қатарына қосылу – нағыз шеберлердің еншісіндегі жетістік.

Әлем чемпионаты тарихындағы ең үздік сұрмерген – Германия құрамасының шабуылшысы Мирослав Клозе. Ол 2002, 2006, 2010 және 2014 жылғы мундиальдарда жалпы 16 рет қарсылас қақпасын дәл көздеп, рекорд орнатқан.

Әлем чемпионаты тарихында ең көп гол соққан футболшылар:

1. Мирослав Клозе (Германия) – 16 гол

2. Роналдо (Бразилия) – 15 гол

3. Герд Мюллер (Германия) – 14 гол

4. Жюст Фонтен (Франция) – 13 гол

5. Лионель Месси (Аргентина) – 13 гол

6. Пеле (Бразилия) – 12 гол

7. Килиан Мбаппе (Франция) – 12 гол

8. Шандор Кочиш (Мажарстан) – 11 гол

9. Юрген Клинсманн (Германия) – 11 гол

10. Габриэль Батистута (Аргентина) – 10 гол

Бұл тізімде Жюст Фонтеннің көрсеткіші ерекше назар аударады. Себебі франциялық шабуылшы 1958 жылғы әлем чемпионатында жалғыз өзі 13 гол соққан. Содан бері бірде-бір футболшы бір турнир барысында мұнша гол соға алған жоқ.

Бұл рекордты Лионель Месси мен Килиан Мбаппенің жаңартуға ықтималдығы жоғары. Әсіресе Мбаппенің жасы мен нәтижесін ескерсек, оның алдағы әлем чемпионаттарында Клозенің рекордына бұзуға мүмкіндігі мол.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан