3 сағат бұрын
Футболшы Дивок Ориги 31 жасында мансабын аяқтады
Фото: readfootball.com
Бельгиялық шабуылшы Дивок Ориги 31 жасында кәсіби мансабын аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Шабуылшы соңғы рет 2024 жылдың сәуірінде Англияның «Ноттингем Форест» командасында жасыл алаңға шыққан еді. Оған дейін футболшы «Лилль» (Франция), «Ливерпуль» (Англия), «Вольфсбург» (Германия), «Милан» (Италия) командаларында доп тепті.
Сондай-ақ ол Бельгияның әртүрлі жас деңгейіндегі құрамаларында ойнаса, 2014-2022 жылдары Бельгия ұлттық құрамасының намысын қорғады.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Астана», «Каспийдің» бұрынғы бас бапкері РПЛ клубының тізгінін ұстады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан