Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

АҚШ әлем чемпионатында төрелік етуі тиіс маманды елге кіргізбей қойды

АҚШ әлем чемпионатында төрелік етуі тиіс маманды елге кіргізбей қойды

Фото:BBC

Сомалиден (Африка) шыққан халықаралық дәрежедегі төреші Омар Артан АҚШ кеден қызметінің тексерісінен кейін ел аумағына кіргізілмеді. Ол сол себепті 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатынан тыс қалды.

Омар Артан Майами әуежайына келген соң қосымша тексерістен өтіп, АҚШ аумағына кіруге рұқсат ала алмаған. Осы жағдайға байланысты ФИФА тізіміне енген төреші турнирден шеттетілді.

ФИФА бұл жайтты растады. Алайда олар виза беру және елге кіруге қатысты шешімдердің жарысты ұйымдастырушы мемлекет құзыретінде екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, Омар Артан 2018 жылдан бері халықаралық деңгейдегі матчтарға төрелік етіп келеді. Биыл оны Африка футбол конфедерациясы жылдың үздік төрешісі деп таныған еді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан