5 сағат бұрын
Өзбекстан әлем чемпионаты алдында жолдастық матчта жеңілді
Футболдан әлем чемпионаты қарсаңында Өзбекстан мен Нидерланд құрамалары арасында жолдастық кездесу өтті.
Қос құрама арасындағы тартысты матчта Нидерланд сапынан Коди Гакпо айып добын сәтті орындап, есеп ашты. Алайда Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Игорь Сергеев қосымша минутта таразы басын теңестірді.
Дегенмен кездесудің екінші бөлігінде Коди Гакпо тағы бір мәрте мергендік танытып, командасына жеңіс сыйлады.
Нью-Йоркте өткен матчта Нидерланд құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Өзбекстан ұлттық құрамасы өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алып отыр.
Өзбекстан К тобында Португалия, Колумбия және ФИФА-1 (Жаңа Каледония, Ямайка немесе Конго ДР) ойнайды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан