Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Freedom QJ League президенті «Жас Қыран» футбол орталығына барды

Freedom QJ League президенті  «Жас Қыран» футбол орталығына барды

Freedom QJ League президенті Рохус Шох Алматыға жасаған сапары кезінде «Жас Қыран» футбол орталығына барып, стадионда жүргізіліп жатқан жаңарту жұмыстарымен танысты.

Қазір мұнда алаңның жасыл жабыны жаңартылып, суару жүйесі қайта жасақталуда.

Сапар аясында лига басшысы орталықтың негізін қалаған Берік Қаниевпен жүздесті.

Кездесу барысында балалар футболын дамыту, жас ойыншыларды тәрбиелеу және футбол мектептерінің әлеуетін арттыру мәселелері сөз болды.

Берік Қаниевтің айтуынша, QJ League жасөспірімдер футболының дамуына тың серпін беріп, клубтардың жұмыс сапасын жаңа деңгейге көтерді. Ал Рохус Шох «Жас Қыранның» ел футболына қосып отырған үлесін ерекше атап өтті.

Лига президенті орталықтан түлеп шыққан көптеген ойыншының бүгінде жоғары деңгейде өнер көрсетіп жүргенін айтып, балалар футболына бағытталған мұндай жобалар өзге өңірлерге де үлгі болуы тиіс екенін жеткізді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан