Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Мажарстан матч алдында Қазақстанға ерекше құрмет көрсетті

Мажарстан матч алдында Қазақстанға ерекше құрмет көрсетті

Венгрия футбол федерациясы Венгрия – Қазақстан жолдастық матчы қарсаңында ресми ойын бағдарламасында Қазақстан туралы жеке материалдар мен деректер жариялады.

Аталмыш журналда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны қазақ тілінде толық мәтін және нотасымен бірге жазлыған.

Сонымен қатар еліміздің картасы, мемлекеттік рәміздері, астанасы Астана жайлы деректер, ұлттық тағамдар мен туристік орындар таныстырылған.

Басылымда бұған қоса қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жетістіктері, Байқоңыр ғарыш айлағы және Астанадағы Бас мешіт туралы мәліметтер де қамтылған.

Бұл Венгрия тарапынан Қазақстанға көрсетілген құрмет пен достықтың айқын көрінісі ретінде бағаланып отыр.

Айта кетейік, бүгін Дебрецен қаласындағы «Надьердеи» стадионында Венгрия мен Қазақстан құрамалары жолдастық кездесу өткізеді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан