Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Жайро Жан «Ақтөбеге» қайта орала ма? 

Жайро Жан «Ақтөбеге» қайта орала ма? 

Фото: «Ақтөбе» футбол клубы

«Ақтөбе» футбол клубы Жайро Жан мен Даниил Бескоровайныйға қатысты қауесетке жауап берді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Кейбір БАҚ беттерінде «Ақтөбе» футбол клубы гаитилік ойыншы Жайро Жанды қайтарып, украиналық қорғаушы Даниил Бескоровайныйды өз қатарына қосады деген ақпарат жарық көрді.

- «Ақтөбе» футбол клубы аталмыш ақпараттың шындыққа мүлде жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды. «Ақтөбе” қазіргі таңда жоғарыда аталған ойыншылармен ешқандай келіссөз жүргізіп жатқан жоқ. Жанкүйерлер мен БАҚ өкілдерін ресми ақпаратқа ғана назар аударып, клуб абыройына нұқсан келтіретін хабарлардан аулақ болуға шақырамыз, - деп жазылған хабарламада.

Еске салсақ, бұдан бұрын Руслан Юденьков «Атырау» сапынан кетті.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан