Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

1 сағат бұрын

Футболдан Қазақстан U17 құрамасы Әзербайжанды екінші рет жеңді

Футболдан Қазақстан U17 құрамасы Әзербайжанды екінші рет жеңді

Фото: ҚФФ

17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Габала қаласында өткен қарымта кездесуде Әзербайжан құрамасынан басым түсіп, қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Тартысты өткен ойынның тағдыры тек матчтың соңғы минуттарында шешілді. Нұрали Салимовтің әуелете бағыттаған пасынан кейін Қазақстан құрамасының шабуылшысы Тамерлан Сарсымбаев дәл соққы жасап, командасына маңызды жеңіс сыйлады – 1:0.

Естеріңізге сала кетейік, 6 маусым күні өткен алғашқы жолдастық кездесуде отандық жасөспірімдер 5:2 есебімен ірі әрі жігерлі жеңіске жеткен болатын. Осылайша, Русланжан Раимбакиевтің шәкірттері Әзербайжандағы матчтарды жүз пайыздық нәтижемен аяқтады.

Әзербайжан U-17 – Қазақстан U-17 – 0:1 (0:0)

Гол: Сарсымбаев

Қазақстан U-17: Ковальчук (Қ), Турищев, Қаси, Рашидов (К), Гречка, Садырбаев, Хасанов, Абжапар, Асан, Қанат, Төленді;

Қосалқы құрам: Заманбек (Қ), Асхат (Қ), Әбди, Сарсымбаев, Салимов, Зәру, Дәуренов, Қалмаханбек, Датхабаев, Черноморец, Дұтпаев, Аман;

Аға бапкер: Русланжан Раимбакиев

09.06.2026. Габала, Әзербайжан.

Еске салсақ, футболдан Мажарстан - Қазақстан құрамалары арасындағы жолдастық кездесуде негізгі құрамда шыққан ойыншылар белгілі болды


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан