Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Өзбекстан құрамасының бас бапкері әлем чемпионатындағы ең көп жалақы алатын маман атанды

Өзбекстан құрамасының бас бапкері әлем чемпионатындағы ең көп жалақы алатын маман атанды

Фото:Gettysport

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына қатысатын құрамалардың бас бапкерлері арасында ең жоғары жалақы алатын мамандардың тізімі жарияланды.

Finance Football мәліметіне сәйкес, бұл рейтингте Бразилия құрамасын жаттықтыратын италиялық маман Карло Анчелотти көш бастап тұр. Тәжірибелі бапкердің бір жылдық табысы 10 миллион еуроға тең.

Тізімнің келесі сатыларында Германия құрамасының бас бапкері Юлиан Нагельсманн (7 миллион еуро), АҚШ құрамасының жаттықтырушысы Маурисио Почеттино (6 миллион еуро) және Англия құрамасының бапкері Томас Тухель (5,8 миллион еуро) орналасқан.

Ал алғашқы бестікті Өзбекстан ұлттық құрамасын баптайтын Фабио Каннаваро қорытындылады. Әлем чемпионы атанған италиялық маман жылына 4 миллион еуро жалақы алады.

Бір назар аударарлығы, Каннавароның еңбекақысы Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешамнан, Аргентина құрамасының жаттықтырушысы Лионель Скалониден және Испания құрамасының тізгінін ұстап отырған Луис де ла Фуэнтеден жоғары.

Айта кетейік, Өзбекстан құрамасы тарихында алғаш рет әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алып, ел футболындағы маңызды белесті бағындырды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан