5 сағат бұрын
Ислам Чесноковқа ресейлік клуб көз тігіп отыр
Фото:Gettysport
Қазақстан құрамасы мен шотландиялық «Хартс» клубының ойыншысы Ислам Чесноковқа Ресей Премьер-лигасындағы клуб қызығушылық білдіруде.
Инсайдер Елдар Аманбаевтың мәліметінше, Самараның «Крылья Советов» клубы қазақстандық футболшыны өз қатарына қосуды жоспарлап отыр. Ресейлік команда трансфер үшін «Хартсқа» 200 мың еуро төлеуге дайын.
Ислам Чесноков Шотландияға өткен қыста ауысқан. Содан бері ол «Хартс» сапында 10 матч өткізіп, бір голдың авторы атанды.
Футболшыға Қазақстан Премьер-лигасының бірқатар клубтары да қатарына қосуы мүмкін. Олардың қатарында «Ордабасы» мен «Тобыл» бар.
Transfermarkt порталының мәліметінше, Ислам Чесноковтың қазіргі нарықтық құны 1,2 миллион еуроға бағаланады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан