Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

«Атырау» Санжар Сатановқа қатысты қауесетке жауап берді

«Атырау» Санжар Сатановқа қатысты қауесетке жауап берді

Фото: «Атырау» футбол клубы

«Атырау» футбол клубы Санжар Сатановқа қатысты қауесетке жауап берді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

- Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде қорғаушымыз Санжар Сатановтың клубтан кетуі мүмкін деген түрлі ақпараттар тарап жатыр. Аталған ақпарат шындыққа жанаспайды. Санжар Сатановтың «Атырау» футбол клубымен қолданыстағы келісімшарты бар және ол команда сапында өнер көрсетуді жалғастырады. Жанкүйерлер мен БАҚ өкілдерінен тек клубтың ресми ақпараттарына сенуді сұраймыз, - деп жазылған хабарламада.

Санжар Сатанов 2001 жылы 21 қыркүйекте Атырау қаласында дүниеге келген. 2018 жылы «Атырау», «Мақтарал», «Тұран», «Оқжетпес» клубтарында ойнаған.

Атыраулық клубқа 2026 жылы қайта қосылды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Руслан Юденьков «Атырау» сапынан кетті.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан