Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасының ойын кестесі анықталды

Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасының ойын кестесі анықталды

Фото: ҚФФ

Футболдан UEFA Ұлттар лигасы 2026/2027 жылғы маусымындағы Қазақстан құрамасының ойын кестесі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Отандастарымыз С лигасы үшінші тобында сынға түседі.

Қарсыластары - Словакия, Молдова және Фарер аралдары.

Қазақстандық футболшылар алғашқы ойынын 26 қыркүйекте өткізсе, соңғы тур 16 қарашаға белгіленген. Әрбір құрама турнир барысында бір қарсыласымен екі ойыннан өткізеді.

Ойындар кестесі

26 қыркүйек. 21:00. Фарер аралдары - Қазақстан

29 қыркүйек. 23:45. Словакия - Қазақстан

2 қазан. 19:00. Қазақстан - Молдова

6 қазан. 19:00. Қазақстан - Фарер аралдары

13 қараша. 22:00. Молдова - Қазақстан

16 қараша. 20:00. Қазақстан - Словакия.

Қазақстандық футболшылар 2024/25 жылғы маусымда В лигасында үшінші топта алты кездесудің бесеуінде жеңіліп, біреуінде тең ойнады. Салдарынан өз тобында төртінші орынды місе тұтып, қайтадан С лигасына түсіп қалды.

.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан