12 сағат бұрын
Халматов «Ордабасыдан» «Ертіске» ауысты
Шымкенттің «Ордабасы» клубы жартылай қорғаушы Муроджон Халматовтың павлодарлық «Ертіске» ауысқанын ресми түрде жариялады.
22 жастағы футболшы маусымның қалған бөлігін Павлодар клубында жалға алу келісімі бойынша өткізеді.
2026 жылғы Қазақстан Премьер-лигасында Халматов 11 матчқа қатысып, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Сондай-ақ ол Қазақстан ұлттық құрамасының сапында да өнер көрсеткен.
Қазіргі уақытта ҚПЛ турнирлік кестесінде «Ордабасы» 12 турдан кейін 28 ұпаймен бірінші орында тұр. Ал «Ертіс» тоғыз ұпай жинап, 13-орында келеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан