Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

7 күн бұрын

Роналду мен Месси әлем чемпионатынан кейін мансаптарын аяқтай ма?

Роналду мен Месси әлем чемпионатынан кейін мансаптарын аяқтай ма?

Фото:Sport12

2026 жылғы футболдан Әлем чемпионаты тарихтағы ең ауқымды және ең ерекше турнир болғалы тұр. Бұл дода бірнеше рекордпен есте қалмақ.

Бірінші ерекшелік – чемпионатты алғаш рет бірден үш мемлекет қабылдайды. АҚШ, Канада және Мексика әлемнің үздік құрамаларын қарсы алады. Матчтар Солтүстік Американың 16 қаласында өтеді.

Екінші ерекшелік – турнир жаңа форматта ұйымдастырылады. Бұрын әлем чемпионатына 32 құрама қатысса, енді олардың саны 48-ге дейін артты. Командалар 12 топқа бөлініп, плей-офф кезеңіне бұрынғыдан да көп команда жолдама алады.

Үшінші ерекшелік – матчтар саны рекордтық көрсеткішке жетеді. Чемпионат барысында жалпы 104 ойын өткізіледі. Бұл – әлем чемпионаттары тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.

Төртінші ерекшелік – Өзбекстан құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізді. Олар әлем чемпионатына алғаш рет жолдама алып, Орталық Азиядан мундиальға қатысатын алғашқы ел атанды.

Бесінші ерекшелік – турнирдің ашылу матчы Мексика астанасындағы әйгілі Estadio Azteca стадионында өтеді. Бұл арена әлем чемпионатының ашылу ойындарын үшінші рет қабылдайтын әлемдегі алғашқы стадион болады.

Ал финалдық кездесу АҚШ-тағы MetLife Stadium стадионында жоспарланған.

Тағы бірнеше қызықты дерек:

Бұл әлем чемпионаты тарихтағы ең ұзаққа слзылған турнирлердің бірі болмақ. Жарыс 11 маусымда басталып, 19 шілдеде аяқталады.

Чемпионатқа әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған жанкүйер келеді деп күтілуде. Сарапшылар турнирді стадионнан тамашалайтын көрермендер саны бойынша жаңа рекорд орнайды деп болжайды.

Мексика әлем чемпионатын үшінші рет қабылдайтын алғашқы мемлекет атанады. Бұған дейін олар 1970 және 1986 жылдары ұйымдастырған.

Канаданың бірнеше қаласы өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының матчтарын қабылдайды.

Турнирге қатысатын командалар саны артқандықтан, жаңа мемлекеттердің дебют жасау мүмкіндігі де көбейді. Сондықтан 2026 жылғы мундиальда бірнеше құрама алғаш рет әлем чемпионатының атмосферасын сезінуі мүмкін.

Қазіргі әлем чемпионы Аргентина өз атағын қорғауға тырысады, ал дәстүрлі фавориттер Португалия, Бразилия, Франция, Испания, Германия және Англия да басты үміткерлер қатарында.

2026 жылғы Әлем чемпионаты тек жаңа чемпионды анықтап қана қоймай, футбол тарихындағы ең үлкен әрі ең көп жанкүйер жинаған турнир ретінде есте қалуы ықтимал.

Ал аты аңызға айналған Криштиану Роналду мен Лионел Месси 2026 жылғы әлем чемпионатында бақ сынайды. Қос футболшы үшін де бұл чемпионаттың маңызы зор. Себебі бұл дода Роналду мен Мессидің соңғы әлем чемпионаты болуы мүмкін.

Авторы:Ақерке Өмірхан


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан