Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: F тобындағы басты фаворит кім?

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: F тобындағы басты фаворит кім?

Фото:Gettysport

F тобында Еуропа, Азия және Африка өкілдері өнер көрсетеді. Нидерланды топтың басты фавориті. Жапония екінші кезеңге шығуға негізгі үміткер болса, Швеция мен Тунис те бәсекеден шет қалмайды.

Нидерланды

FIFA рейтингі: 6–7 орын

Әлем чемпионатына 12-рет қатысып жатыр.

Ең үздік нәтижесі: 3 мәрте финалист

Нидерланды – әлем чемпионатындығы тұрақты қатысушы командалардың бірі. Ұзақ жылдар бойы жоғары деңгейде ойнап келеді. Команда допты бақылауға алып, шабуылды жылдам өрбітумен ерекшеленеді.

Құрамы:

Қақпашылар: Марк Флеккен («Байер»), Робин Руфс («Сандерленд»), Барт Вербрюгген («Брайтон энд Хоув Альбион»);

Қорғаушылар: Натан Аке («Манчестер Сити»), Вирджил ван Дейк («Ливерпуль»), Дензел Думфрис («Интер»), Йоррел Хато («Челси»), Ян Паул ван Хекке («Брайтон энд Хоув Альбион»), Юрриен Тимбер («Арсенал»), Микки ван де Вен («Тоттенхэм Хотспур»);

Жартылай қорғаушылар: Райан Гравенберх («Ливерпуль»), Френки де Йонг («Барселона»), Тён Копмейнерс («Ювентус»), Тейани Рейндерс («Манчестер Сити»), Мартен де Рон («Аталанта»), Гус Тиль (ПСВ), Квинтен Тимбер («Марсель»), Матс Виффер («Брайтон энд Хоув Альбион»);

Шабуылшылар: Брайан Бробби («Сандерленд»), Мемфис Депай («Коринтианс»), Коди Гакпо («Ливерпуль»), Джастин Клюйверт («Борнмут»), Ноа Ланг («Галатасарай»), Дониэлл Мален («Рома»), Крисенсио Саммервилл («Вест Хэм Юнайтед»), Ваут Вегорст («Аякс»).

Жапония

FIFA рейтингі: 17–18 орын

Әлем чемпионатына 8-рет қатысып жатыр.

Ең үздік нәтижесі: 1/8 финал

Жапония соңғы жылдары Азияда төрт жылдықтың басты додасына тұрақты қатысатын командаға айналды. Ойын тәртібі жақсы қалыптасқан, жылдам әрі ұйымшылдығымен көзге түсті. Еуропа клубтарында ойнайтын ойыншылар көп.

Құрамы:

Қақпашылар: Томоки Хаякава («Касима Антлерс»), Кейсуке Осако («Санфречче Хиросима»), Дзион Судзуки («Парма»);

Қорғаушылар: Юто Нагатомо («Токио»), Сого Танигути («Сент-Трюйден»), Коу Итакура («Аякс»), Цуёси Ватанабэ («Фейеноорд»), Такэхиро Томиясу («Аякс»), Хироки Ито («Бавария»), Аюму Секо («Гавр»), Юкинари Сугавара («Вердер»), Дзюнносукэ Судзуки («Копенгаген»);

Жартылай қорғаушылар: Ватару Эндо («Ливерпуль»), Даити Камада («Кристал Пэлас»), Такефуса Кубо («Реал Сосьедад»), Ао Танака («Лидс Юнайтед»), Дзюня Ито («Генк»), Рицу Доан («Айнтрахт»), Кэито Накамура («Реймс»), Каисю Сано («Майнц»), Юито Судзуки («Фрайбург»);

Шабуылшылар: Коки Огава («НЕК Неймеген»), Дайдзэн Маэда («Селтик»), Аясэ Уэда («Фейеноорд»), Кэнто Сиогаи («Вольфсбург»), Кэисукэ Гото («Сент-Трюйден»).

Тунис

FIFA рейтингі: 41–44 орын

Әлем чемпионатына 7-рет қатысып жатыр.

Ең үздік нәтижесі: топтық кезең

Тунис – қорғанысқа басымдық беретін команда. Ойын барысында тәртіпке сүйенеді және қарсыластың шабуылын шектеуге тырысады. Гол соғу жағынан аса белсенді емес.

Құрамы:

Қақпашылар: Аймен Дамен («Сфаксьен»), Сабри Бен Хессен («Этуаль дю Сахель»), Абдельмухиб Шамах («Клуб Африкен»);

Қорғаушылар: Ян Валери («Янг Бойз»), Мутаз Неффати («Норрчёпинг»), Дилан Бронн («Серветт»), Раед Чихауи («Монастир»), Монтассар Тальби («Лорьян»), Адем Арус («Касымпаша»), Омар Рекик («Марибор»), Али Абди («Ницца»), Мохамед Амин Хамида («Эсперанс»);

Жартылай қорғаушылар: Эллиес Скири («Айнтрахт»), Анис Бен Слимане («Норвич Сити»), Рани Хедира («Унион Берлин»), Мортада Бен Уаннес («Касымпаша»), Исмаэль Гарби («Аугсбург»), Хадж Махмуд («Лугано»), Ханнибал Межбри («Бёрнли»);

Шабуылшылар: Элиас Саад («Ганновер»), Халил Аяри («ПСЖ»), Элиас Ашури («Копенгаген»), Себастьян Тунекти («Селтик»), Хазем Мастури («Динамо» Махачкала), Фирас Шауат («Клуб Африкен»), Райан Эллуми («Ванкувер Уайткэпс»).

Швеция

FIFA рейтингі: 33–38 орын

Әлем чемпионатына 13-рет қатысып жатыр.

Ең үздік нәтижесі: әлем чемпионатында бір рет финалға шығып, үш рет үздік үштікті түйіндеген.

Швеция – физикалық тұрғыдан мықты команда. Соңғы жылдары шабуылдағы әлеуетін күшейтті.

Құрамы:

Қақпашылар: Виктор Юханссон («Сток Сити»), Кристоффер Нордфельдт («АИК»), Якоб Зеттерстрём («Дерби Каунти»);

Қорғаушылар: Яльмар Экдаль («Бёрнли»), Габриэль Гудмундссон («Лидс Юнайтед»), Исак Хин («Аталанта»), Эмиль Хольм («Ювентус»), Густаф Лагербильке («Брага»), Виктор Линделёф («Астон Вилла»), Эрик Смит («Санкт-Паули»), Карл Старфельт («Сельта Виго»), Эллиот Страуд («Мьельбю»), Даниэль Свенссон («Боруссия Дортмунд»);

Жартылай қорғаушылар: Таха Али («Мальмё»), Ясин Аяри («Брайтон энд Хоув Альбион»), Лукас Бергвалль («Тоттенхэм Хотспур»), Йеспер Карлстрём («Удинезе»), Кен Сема («Пафос»), Маттиас Сванберг («Вольфсбург»), Бесфорт Зенели («Юнион Сент-Жиллуа»);

Шабуылшылар: Александер Бернхардссон («Хольштайн»), Энтони Эланга («Ньюкасл Юнайтед»), Виктор Дьёкереш («Арсенал»), Александер Исак («Ливерпуль»), Густав Нильссон («Брюгге»), Беньямин Нюгрен («Селтик»)


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан