4 сағат бұрын
H тобы: Испания мен Уругвай фаворит, Кабо-Верде дебютант, Сауд Арабиясы — кімнің жолы болады?
Фото:Gettysport
H тобында Еуропа, Оңтүстік Америка, Африка және Азия құрлықтарының өкілдері сынға түседі. Испания – топтың басты фавориті, ал Уругвай тәжірибелі құрама. Сауд Арабиясы соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқан команда болса, Кабо-Верде ірі турнирдегі ең жас әрі аутсайдер құрамалардың бірі ретінде қарастырылады.
Испания

FIFA рейтингі: әлемнің алғашқы бестігіне кіреді
Әлем чемпионатына 17-рет қатысып жатыр.
Ең үздік нәтижесі: 2010 жылғы әлем чемпионы
Испания – допқа бақылау, иелік ету мен қысқа пас арқылы ойнауға негізделген әлемдік деңгейдегі құрама. Командада тәжірибе мен жас буын жақсы үйлескен, сондықтан олар кез келген турнирде басты үздіктер қатарында болады.
Құрамы:
Қақпашылар: Унай Симон («Атлетик»), Давид Райя («Арсенал»), Жоан Гарсия («Барселона»);
Қорғаушылар: Педро Порро («Тоттенхэм»), Маркос Льоренте, Марк Пубиль («Атлетико»), Эмерик Лапорт («Атлетик»), Пау Кубарси, Эрик Гарсия («Барселона»), Марк Кукурелья («Челси»), Алехандро Гримальдо («Байер»);
Жартылай қорғаушылар: Родри («Манчестер Сити»), Мартин Субименди, Микель Мерино («Арсенал»), Гави, Педри, Дани Ольмо («Барселона»), Фабиан Руис («ПСЖ»);
Шабуылшылар: Алекс Баэна («Атлетико»), Ферран Торрес, Ламин Ямаль («Барселона»), Нико Уильямс («Атлетик»), Йереми Пино («Кристал Пэлас»), Микель Оярсабаль («Реал Сосьедад»), Виктор Муньос («Осасуна»), Борха Иглесиас («Сельта»).
Кабо-Верде

FIFA рейтингі: 70–90 орын аралығы
Әлем чемпионатында дебют жасайды.
Кабо-Верде – шағын мемлекет болғанымен, Еуропада ойнайтын ойыншыларының арқасында бәсекеге қабілетті құрама қалыптастырған. Ойын стилі жылдам шабуыл мен физикалық күшке негізделеді.
Құрамы:
Қақпашылар: Жозимар Диаш Возинья (АЕЛ), Марсио да Роса («Монталегри»), Си Джей дос Сантос («Сан-Диего»);
Қорғаушылар: Стивен Морейра («Коламбус Крю»), Вагнер Пина («Трабзонспор»), Жоау Паулу Фернандес («ПСМ Макассар»), Сидни Лопеш Кабрал («Бенфика»), Логан Коста («Вильярреал»), Роберто Лопес («Пико»), Кельвин Пирес (СИК), Яник Таварес («Торренсе»), Эдилсон Борхес («Аль-Батаих»);
Жартылай қорғаушылар: Джамиро Монтейро («Сан-Хосе Эртквейкс»), Телму Арканжу («Витория Гимарайнш»), Янник Семедо («Фаренсе»), Ларос Дуарте («Академия Пушкаш»), Кевин Ленини («Краснодар»);
Шабуылшылар: Райан Мендес («Аль-Наср»), Вилли Семедо («Пафос»), Гарри Родригес («Олимпиакос»), Жовани Кабрал («Эштрела»), Нуну да Кошта («Истанбул Башакшехир»), Дейлон Ливраменто («Каза Пиа»), Жилсон Беншимол («Акрон»), Элио Варела («Маккаби Тель-Авив»).
Сауд Арабиясы
FIFA рейтингінде 61-орында
Әлем чемпионатына 7-рет қатысып жатыр
Ең үздік нәтижесі: 1/8 финал (1994)
Сауд Арабиясы соңғы жылдары қарқынды дамып, Азиядағы мықты командалардың біріне айналды. Командада жергілікті лиганың үздік ойыншылары жинақталған. Олардың басты ерекшелігі – ұйымшылдық пен жылдам қарсы шабуыл.
Құрамы:
Қақпашылар: Ахмед Аль-Кассар («Аль-Кадисия»), Мохаммед Аль-Оваис («Аль-Хиляль»), Наваф Аль-Акиди («Аль-Наср»);
Қорғаушылар: Сауд Абдулхамид («Ланс»), Абдулела Аль-Амри («Аль-Иттихад»), Джехад Такри («Аль-Кадисия»), Хассан Аль-Тамбакти («Аль-Хиляль»), Али Алавджами («Аль-Хиляль»), Хассан Кадеш («Аль-Иттихад»), Мотеб Аль-Харби («Аль-Хиляль»), Али Маджраши («Аль-Ахли»), Мохаммед Абу Аль-Шамат («Аль-Кадисия»), Наваф Аль-Бушал («Аль-Наср»);
Жартылай қорғаушылар: Зияд Аль-Джохани («Аль-Ахли»), Нассер Аль-Давсари («Аль-Хиляль»), Мохаммед Канно («Аль-Хиляль»), Абдулла Аль-Хайбари («Аль-Наср»), Алаа Аль-Хаджи («Неом»), Мусаб Аль-Джуваир («Аль-Кадисия»), Салем Аль-Давсари («Аль-Хиляль»);
Шабуылшылар: Фирас Аль-Бурайкан («Аль-Ахли»), Абдулла Аль-Хамдан («Аль-Наср»), Салех Аль-Шехри («Аль-Иттихад»), Султан Мадаш («Аль-Хиляль»), Айман Яхья («Аль-Наср»), Халид Аль-Ганнам («Аль-Иттифак»)
Уругвай
FIFA рейтингі: әлемнің үздік 15 құрамасының қатарында.
Әлем чемпионатына 15-рет қатысып жатыр.
Ең үздік нәтижесі екі дүркін әлем чемпионы.
Уругвай – Оңтүстік Американың ең тәжірибелі командаларының бірі. Команда әрдайым жоғары қарқын мен тартысқа толы ойын өрнегін көрсетеді. Қорғанысы өте мықты, ал орта шепте тәжірибелі ойыншылар көп.
Құрамы:
Қақпашылар: Фернандо Муслера («Эстудиантес»), Серхио Рочет («Интернасьонал»), Сантьяго Меле («Монтеррей»);
Қорғаушылар: Гильермо Варела («Фламенго»), Роналд Араухо («Барселона»), Хосе Мария Хименес («Атлетико»), Сантьяго Буэно («Вулверхэмптон»), Себастьян Касерес («Америка»), Матиас Оливера («Наполи»), Хоакин Пикерес («Палмейрас»), Матиас Винья («Ривер Плейт»);
Жартылай қорғаушылар: Федерико Вальверде («Реал Мадрид»), Родриго Бентанкур («Тоттенхэм»), Мануэль Угарте («Манчестер Юнайтед»), Джорджиан Де Арраскаэта («Фламенго»), Николас де ла Крус («Фламенго»), Родриго Саласар («Брага»);
Шабуылшылар: Дарвин Нуньес («Аль-Хиляль»), Родриго Агирре («Америка»), Федерико Виньяс («Овьедо»)
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан