3 сағат бұрын
E тобы: Германия фаворит, Кот-д’Ивуар мен Эквадордың мүмкіндігі қандай?
Фото:Gettysport
E тобында Еуропа, Африка, Оңтүстік Америка және КОНКАКАФ аймағының өкілдері ойнайды. Германия топтың басты фавориті. Ал Кот-д’Ивуар мен Эквадор екінші жолдама үшін тартысқа түссе, әлем чемпионатындағы дебютант Кюрасао сенсация жасауға тырысады.
Германия

FIFA рейтингінде 10-орында.
Әлем чемпионатына 21-рет қатысып жатыр.
Үздік нәтижесі: 4 дүркін әлем чемпионы (1954, 1974, 1990, 2014)
Германия әлем чемпионаты тарихындағы ең табысты құрамалардың бірі. Неміс футболы тәртіпке негізделген ойынымен, жоғары қарқын және ірі турнирлердегі тұрақтылығымен ерекшеленеді. Қазіргі құрамда тәжірибелі ойыншылар мен жас буын үйлесім тапқан.
Қақпашылар: Оливер Бауманн («Хоффенхайм»), Мануэль Нойер, Александр Нюбель (екеуі де – «Бавария»);
Қорғаушылар: Натаниэль Браун («Айнтрахт»), Давид Раум («РБ Лейпциг»), Антонио Рюдигер («Реал» Мадрид), Вальдемар Антон, Нико Шлоттербек (екеуі де – «Боруссия» Дортмунд), Йозуа Киммих, Жонатан Та (екеуі де – «Бавария»), Малик Тшау («Ньюкасл Юнайтед»);
Жартылай қорғаушылар: Паскаль Грос («Брайтон»), Максимилиан Байер, Феликс Нмеча (екеуі де – «Боруссия» Дортмунд), Александар Павлович, Леон Горецка, Джамал Мусиала (үшеуі де – «Бавария»), Ангело Штиллер («Штутгарт»), Надим Амири («Майнц»), Флориан Вирц («Ливерпуль»);
Шабуылшылар: Кай Хаверц («Арсенал»), Дениз Ундав, Джейми Левелинг (екеуі де – «Штутгарт»), Лерой Зане («Галатасарай»), Ник Вольтемаде («Ньюкасл Юнайтед»).
Кюрасао
FIFA рейтингінде 82-орында.
Әлем чемпионатына алғаш рет қатысып жатыр.
Кюрасао – турнирдегі ең қызық құрамалардың бірі. Кариб теңізіндегі шағын мемлекет алғаш рет әлем чемпионатына қатыспақ. Команданың басым бөлігі Нидерланд футбол мектебінен шыққан ойыншылардан құралған.
Қақпашылар: Тирик Бодак («Телстар»), Тревор Дорнбюс («ВВВ-Венло»), Элой Ром («Майами»);
Қорғаушылар: Рихедли Базур («Коньяспор»), Джошуа Бренет («Кайсериспор»), Рошон ван Эйма («Валвейк»), Шерел Флоранус («ПЕК Зволле»), Деверон Фонвилл («НЕК Неймеген»), Жюрьен Гаари («Абха»), Армандо Обиспо («ПСВ Эйндховен»), Шуранди Самбо («Спарта» Роттердам);
Жартылай қорғаушылар: Жуниньо Бакуна («Волендам»), Леандро Бакуна («Ыгдыр»), Ливано Комененсия («Цюрих»), Кевин Фелида («Ден Босх»), Арьяни Марта («Ротерхэм Юнайтед»), Тайриз Нослин («Телстар»), Годфрид Румерату («Валвейк»);
Шабуылшылар: Джереми Антониссе («Кифисия»), Тахит Чонг («Шеффилд Юнайтед»), Кенджи Горре («Маккаби» Хайфа»), Сонче Хансен («Мидлсбро»), Жерван Кастанир («Теренггану»), Брандлей Кювас («Волендам»), Юрген Локадия («Майами»), Джерл Маргарита («Васланд-Беверен»).
Кот-д’Ивуар
FIFA рейтингінде 42-орында.
Әлем чемпионатына 4-рет қатысып жатыр.
Үздік нәтижесі: топтық кезең
Кот-д’Ивуар Африка чемпионы физикалық қуаты жоғары және жылдам қарқынымен ерекшеленеді. Құрамда Еуропаның үздік клубтарында ойнайтын футболшылар көп, сондықтан бұл команда кез келген қарсыласқа қиындық туғыза алады.
Қақпашылар: Яхья Фофана («Анже»), Мохамед Коне («Шарлеруа»), Альбан Лафон («Панатинаикос»);
Қорғаушылар: Уилфрид Синго («Галатасарай»), Одилон Коссуну («Аталанта»), Усман Дьоманде («Спортинг»), Гислейн Конан («Жил Висенте»), Эммануэль Агбаду («Бешикташ»), Гела Дуэ («Страсбург»), Эван Н’Дика («Рома»), Клеман Акпа («Осер»);
Жартылай қорғаушылар: Франк Кессье («Аль-Ахли»), Крист Равинель Инао Улай («Трабзонспор»), Базумана Туре («Хоффенхайм»), Секо Фофана («Порту»), Ибраим Сангаре («Ноттингем Форест»), Жан Сери («Марибор»), Амад Диалло («Манчестер Юнайтед»);
Шабуылшылар: Элье Ваи («Ницца»), Николя Пепе («Вильярреал»), Симон Адингра («Монако»), Эванн Гессан («Кристал Пэлас»), Парфе Гиагон («Шарлеруа»), Ян Диоманд («РБ Лейпциг»), Анж-Йоан Бонни («Интер»), Умар Диаките («Серкль Брюгге»).
Эквадор
FIFA рейтингінде 23-орында.
Әлем чемпионатына 5-рет қатысып жатыр.
Үздік нәтижесі: 2006 жылы 1/8 финал
Эквадор соңғы жылдары Оңтүстік Америкадағы ең қарқынды дамып келе жатқан құрамалардың бірі. Команданың басты ерекшелігі – жас әрі жылдам ойыншыларға сенім артады. Мойсес Кайседо бастаған буыннан үлкен үміт күтілетіні анық.
Қақпашылар: Эрнан Галиндес («Уракан»), Мойсес Рамирес («АЭ Кифисиас»), Гонсало Валле («ЛДУ Кито»);
Қорғаушылар: Вильям Пачо («ПСЖ»), Пьеро Инкапье («Арсенал»), Хоэль Ордоньес («Брюгге»), Феликс Торрес («Интернасьонал»), Первис Эступиньян («Милан»), Анхело Пресиадо («Атлетико Минейро»), Джексон Порозо («Тихуана»);
Жартылай қорғаушылар: Мойсес Кайседо («Челси»), Хорди Альсивар («Индепендьенте»), Денил Кастильо («Мидтьюллан»), Алан Франко («Атлетико Минейро»), Педро Вите («Пумас УНАМ»), Кендри Паэс («Ривер Плейт»), Яймар Медина («Генк»);
Шабуылшылар: Кевин Родригес («Юнион Сент-Жиллуа»), Энтони Валенсия («Антверпен»), Эннер Валенсия («Пачука»), Хорди Кайседо («Уракан»), Жереми Аревало («Штутгарт»), Гонсало Плата («Фламенго»), Алан Минда («Атлетико Минейро»), Джон Йебоа («Венеция»), Нильсон Ангуло («Сандерленд»)
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан