2 сағат бұрын
«Ұлытау» қазақстандық шабуылшыдан бас тартты
Фото: «Ұлытау» футбол клубы
Шабуылшы Рамазан Абылайхан «Ұлытау» футбол клубының сапынан кетеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Рамазан командаға 2025 жылы қосылды. Осы маусымда Қазақстан Премьер-лигасы мен Қазақстан Кубогында жалпы 14 матчқа қатысып, 1 голдың авторы атанды.
- Осы уақыт ішінде ол өзінің еңбекқорлығымен, кәсібилігімен және командаға деген жауапкершілігімен ерекшеленді. Әр ойында бар күш-жігерін салып, клуб нәтижесіне өз үлесін қосты, - деп жазылған хабарламада.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Ордабасы» румыниялық жартылай қорғаушымен келісімшарт мерзімін ұзартты.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан