2 сағат бұрын
«Ордабасы» қазақстандық футболшымен 2029 жылға дейін келісімшарт жасады
Фото: «Ордабасы» футбол клубы
Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Әбинұр Нұрымбетпен 2029 жылға дейін келісімшартқа қол қойылғанын хабарлаймыз.
Әбинұр – жамбыл футболының түлегі. Кәсіби мансабында «Тараз», «Ұлытау», «Тұран», «Ертіс» және «Оқжетпес» клубтарының намысын қорғаған. Сондай-ақ Беларусьтің «Энергетик-БГУ», «Гомель» және Өзбекстанның «Әндіжан» командаларында өнер көрсетті.
2024 жылдан бері Қазақстан жастар құрамасы сапында 11 матч өткізген. Ал бес күн бұрын жартылай қорғаушы Қазақстан ұлттық құрамасындағы алғашқы ойынын өткізді.
Аты-жөні: Әбинұр Маратұлы Нұрымбет
Туған күні: 26.04.2005
Азаматтығы: Қазақстан
Ойын позициясы: жартылай қорғаушы (сол қапталда да ойнай алады)
Бойы: 174 см
Еске салсақ, бұдан бұрын «Ордабасы» румыниялық жартылай қорғаушымен келісімшарт мерзімін ұзартты.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан