2 сағат бұрын
«Ертіс» сапына беларусьтік 39 жастағы қорғаушы қосылды
Фото: «Атырау» футбол клубы
Беларусьтік қорғаушы Руслан Юденков Павлодардың «Ертіс» футбол клубымен еңбек келісімшартына қол қойды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті
Руслан Юденков - Гомель қаласының тумасы және Беларусь футболының түлегі. Кәсіби мансабын Могилёвтің «Днепр» клубында бастаған. Өз елінде «Гомель», «Ведрич-97», «Славия-Мозырь» және «Городея» клубтарының намысын қорғады. Беларусь чемпионатында 91 матч өткізіп, 5 голдың авторы атанды. Қазақстандық жанкүйерлерге қорғаушы «Мақтаарал», «Қайсар», «Тұран» және «Атырау» клубтарындағы ойынымен жақсы таныс. Қазақстан Премьер-лигасында 107 матч өткізіп, 9 гол соқты.
Соңғы екі маусымда Руслан «Атырау» клубының сапында өнер көрсетіп, команданың негізгі ойыншыларының бірі болды. Осы уақыт аралығында 24 матчқа қатысып, 3 гол соқты.
Сондай-ақ Юденков Беларусь ұлттық құрамасының сапында 10 матч өткізген тәжірибелі футболшы.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Ордабасы» румыниялық жартылай қорғаушымен келісімшарт мерзімін ұзартты.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан