Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Мексикада 2026 жылғы әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Мексикада 2026 жылғы әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Фото: livesport.ru

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының салтанатты ашылу рәсімінің алғашқы бөлімі өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл шара Мексика астанасы - Мехико қаласындағы «Ацтека» стадионында өткізілді.

Салтанатты рәсім барысында театрландырылған көріністер көпшілік назарына ұсынылып, жаһан жұртына есімі жақсы танымал өнерпаздар ән шырқады.

Турнирдің ресми әнұраны - DNA композициясын италиялық опера әншісі Андреа Бочелли, француз диджейі Давид Гетта, америкалық рэпер Megan Thee Stallion және әнші EJAE жанды дауыста орындады.

Сондай-ақ Шакира мен нигериялық орындаушы Burna Boy әлем чемпионатының ресми әні - Dai Dai туындысын алғаш рет көпшілікке ұсынады. Олармен бірге сахнада Уганданың Ghetto Kids би ұжымы өнер көрсетті.

Мексика, Канада және АҚШ өз стадиондарындағы алғашқы матч алдында жанкүйерлерге жеке шоу-бағдарламаларын ұсынады.

Қазақстан уақыты бойынша 12 маусым түнгі сағат 00:00–де Мехикода әлем чемпионатының алғашқы матчы басталады.

Қазақстан аумағында турнир ойындары Qazsport және Qazaqstan телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі. Кездесулердің басым бөлігі елімізде түнгі немесе таңғы уақытта өтеді.

Айта кетейік, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты тарихта алғаш рет бірден үш елде – АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Турнир матчтары 11 маусым мен 19 шілде аралығында 16 қалада ұйымдастырылады.

Сондай-ақ бұл FIFA тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионаты болмақ. Өйткені алғаш рет топтық кезеңде 48 ұлттық құрама бақ сынайды.

Турнирді үш мемлекет қабылдағанымен, матчтардың басым бөлігі АҚШ-та ұйымдастырылады. Мұнда барлығы 78 ойын өтеді. Ал Канада мен Мексикада 13 матчтан өткізіледі.

Ширек финалдар, жартылай финалдар және финал секілді шешуші кездесулердің басым бөлігі де АҚШ-та өтеді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан