11 сағат бұрын
Қазақстан қыздар құрамасы Лига А-да бақ сынайды
Швейцарияның Ньон қаласында 2026/27 жылғы қыздар арасындағы U-17 Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.
Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан U-17 құрамасы Лига А-ның 3-тобына түсті. Қарсыластары — Германия, Чехия және Исландия құрамалары.
Матчтардың өтетін орны мен нақты күндері кейінірек жарияланады. Лига А-да 28 команда жеті топқа бөлініп, шағын турнир форматында бір жерде ойнайды.
Екінші раундта төртінші орын алған жеті команда Лига B-ге түсіп қалады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан