8 сағат бұрын
“Астана” футбол клубының директоры қызметінен кетті
"Астана" футбол клубының бас директоры Қайсар Бекенов қызметінен кетті. Клубтың ресми хабарлауынша, ол бұл шешімді отбасылық жағдайға байланысты өз еркімен қабылдаған.
“Клуб ұжымы атынан Қайсар Рауфұлына кәсібилігі, өз ісіне адалдығы және «Астана» футбол клубының дамуына қосқан зор үлесі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта отбасына амандық, бақ-береке, жақсылық және барлық жаңа бастамасына толағай табыс тілейміз!”, — делінген баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Қайсар Рауфұлы клубта 2013-2019 жылдары, "Астанада" басшылық қызметтерді атқарды. Ал 2024 жылы клубқа қайта оралып, 2025 жылы Бас директор қызметіне тағайындалды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан