Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Астанада «Былғары доп» лигасының финалдық кезеңі аяқталды

Астанада «Былғары доп» лигасының финалдық кезеңі аяқталды

Фото: ҚФФ

Елордада 5-6 сынып оқушылары арасындағы футболдан «Былғары доп» Ұлттық мектеп лигасының финалдық кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Турнирге еліміздің 15 өңірінен келген 15 команда қатысты. Бірнеше күнге созылған тартысты бәсекеде жас футболшылар өздерінің шеберліктері мен жеңіске деген зор жігерін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша павлодарлық команда алтын медальді жеңіп алды. Күміс жүлде Батыс Қазақстан облысының құрамасына бұйырса, үздік үштікті Абай облысының командасы түйіндеді.

Жеке номинациялар:

Үздік қақпашы – Рустам Истамғазиев (БҚО)

Үздік қорғаушы – Әділ Бекен (Абай облысы)

Үздік жартылай қорғаушы – Нұрәли Залетден (Ақмола облысы)

Үздік сұрмерген – Эмиль Камаров (Павлодар облысы)

Үздік ойыншы – Алан Кабдуллаев (Павлодар облысы)

Үздік бас бапкер – Аманжол Есенов (БҚО)


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан