3 сағат бұрын
«Қайрат» қатарына испаниялық шабуылшыны қосты
Фото:»Қайрат» фк
Алматылық “Қайрат” футбол клубы қатарларына испаниялық шабуылшы Марк Гуальді қосты.
Қос тарап арасындағы келісімшарт 2027 жылдың соңына дейін жасалған.
30 жастағы футболшы алаңда шабуылшы позициясында өнер көрсетеді.
Марк Гуаль Испанияның Каталония аймағындағы Бадалона қаласында дүниеге келген. Футболдағы алғашқы қадамын «Бадалона», «Барселона» және «Эспаньол» академияларында бастаған.
Кәсіби мансабында «Севилья Атлетико», «Сарагоса», «Жирона», «Реал Мадрид Кастилья» және «Алькоркон» клубтарының намысын қорғады.
Ол 2022 жылы Польшаның «Ягеллония» клубына ауысып, 2022/23 жылғы маусымда ел чемпионатының үздік сұрмергені атанған.
Сондай-ақ ол бір жылдан кейін Варшаваның «Легия» клубына қосылып, командамен бірге Польша Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды. 2024/25 жылғы маусымда барлық турнирде 19 гол соғып, клубтың үздік мергені атанды. Оның жетеуін УЕФА Конференциялар лигасында соққан.
Футболшы бұған дейін Португалия Премьер-лигасында өнер көрсететін «Риу Аве» сапында болған.
Сондай-ақ Марк Гуаль Испанияның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы сапында үш матч өткізген.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан