4 сағат бұрын
Футболдан ӘЧ-2026: Англия құрамасы жағымсыз жағдайға тап болды
© AP Photo/ Rebecca Blackwell
Англия құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында оқу-жаттығу жиынына келу қарсаңында жағымсыз оқиғаға тап болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жұма күні құраманың кейбір жабдығы, соның ішінде футболшылардың ойын аяқ киімі мен турнирдің ресми доптары ұрланған.
Ұрлық турнир алдындағы Флоридадағы базадан Канзас-Ситидегі Swope Soccer Village жаттығу орталығына көшкен кезде болды. Онда ойыншылар сенбіде келуі керек еді.
Жергілікті полиция тергеуді бастады. Іс бойынша екі адам ұсталды, тергеу әрекеттері жалғасуда.
Еске салсақ, бүгін 14 маусымға қараған түні АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Бразилия мен Марокко құрамаларының матчы өтеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан