Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 күн бұрын

«Оқжетпес» тәжірибелі өзбекстандық футболшымен күшейді

«Оқжетпес» тәжірибелі өзбекстандық футболшымен күшейді

Көкшетаудың «Оқжетпес» клубы өзбекстандық жартылай қорғаушы Шохбоз Умаровпен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде жариялады.

27 жастағы футболшы бұған дейін Өзбекстанның АГМК, Беларусьтің «Энергетик-БГУ» және БАТЭ клубтарында өнер көрсеткен. Сондай-ақ Қазақстанда «Ордабасы», «Тұран» және «Тобыл» командаларының намысын қорғаған.

Умаров Қазақстандағы мансабында ел чемпионы атанып, екі рет Қазақстан Кубогын жеңіп алған. Қазақстан Премьер-лигасында ол 67 матч өткізіп, 6 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген.

Қазіргі уақытта «Оқжетпес» 12 турдан кейін 23 ұпаймен Қазақстан чемпионатының турнир кестесінде үшінші орында келеді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан