Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

8 сағат бұрын

Құрамада ел намысы үшін жанын беруге дайын футболшылар ойнауы керек - Әли Әлиев

Құрамада ел намысы үшін жанын беруге дайын футболшылар ойнауы керек - Әли Әлиев

ҚФФ

Осыдан бірер күн бұрын футболдан Қазақстан құрамасы екі жолдастық матч өткізді. Алдымен Армениямен тең түссе, Венгрияға есе жіберді. Осы орайда құраманың бұрынғы бас бапкері, бүгінде «Жеңіс» клубын баптайтын Әли Әлиевтің пікірір білдік.

Жақында Қазақстан құрамасы Армениямен 1:1 есебімен тең түсіп, Венгриядан 1:3 есебімен жеңілді. Бұл нәтижелерге қандай баға берер едіңіз?

– Ұлттық құрама – ел футболының айнасы. Ол чемпионаттың, жалпы футболдың қазіргі жағдайын көрсетеді. Сондықтан Армениямен болған ойын нәтижесін жаман деп айта алмаймын. Керісінше, бұл – лайықты нәтиже. Ал Венгриямен кездесуде де жігіттер жақсы қарсылық көрсетті. Есеп көңіл көншітпеуі мүмкін, бірақ ойын барысында команданың мінезі байқалды.

Сіздіңше, командаға не жетіспеді?

– Бұл сұраққа нақты жауап беру үшін жан-жақты талдау қажет. Физикалық дайындық, техникалық деңгей, тактикалық әрекеттер – бәрі сарапталуы тиіс. Ол үшін арнайы мамандар тобы жұмыс істейді. Олар барлық көрсеткіштерді зерттеп, команданың нақты қай тұста ақсағанын анықтайды.

Жалпы алғанда, құраманың дұрыс бағытта келе жатқанын көріп отырмын. Команда жасарып жатыр, құрылымы жаңаруда. Ұлттық құрамаға жастар көптеп тартылып, халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтауда. Жолдастық кездесулер мен бақылау матчтарының негізгі мақсаты да осы емес пе?!

Қазіргі құрамдағы жастардың жігері ерекше ұнайды. Олар эмоциясын жасыра алмайды, кейде қызуқандылық та танытады. Бірақ ең бастысы – олардың ұлттық құрамаға үлкен ықыласпен келуі. Олар бұл жейденің салмағын сезінеді, жауапкершілікті түсінеді.

Ұлттық құрамада бейжай адамдар болмауы керек. Бұл жерге жай ғана келіп-кететіндер емес, ел намысы үшін жанын салатын футболшылар жиналуы тиіс. Қажет болса, жеңіліске күйініп, жеңіске қуанып, құрама үшін барын беретін азаматтар болуы керек.

Талғат Маруаұлы Байсуфинов үшін бұл ұлттық құрамадағы үшінші кезең. Ол тәжірибелі маман. Сіздің көзқарасыңызша, бапкерлік ұстанымдарыңыздың айырмашылығы неде?

– Талғат Маруаұлы – тәжірибесі мол маман. Ұлттық құраманы үшінші рет қабылдап отыр. Әрине, біздің жұмыс тәсілдеріміз, әдістемеміз, ойынға деген көзқарасымыз әртүрлі болуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.

Дегенмен мәселе тек тактикада, жүйеде немесе әдістемеде ғана емес деп ойлаймын. Ең маңыздысы – футболшының алаңға қандай көңіл күймен шығатыны. Олар жеңіске аш болуы керек, намыс үшін ойнауы керек. Команда ішінде ерекше атмосфера қалыптасып, әр ойыншы өзінің жауапкершілігін сезінгенде ғана нәтиже келеді.

Жауапкершілік тек бас бапкердің мойнында болмауы керек. Федерация да, футболшылардың өзі де жауапкершілікті тең дәрежеде сезінуі қажет. Сонда ғана ұлттық құраманың деңгейі өседі.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан