2 сағат бұрын
Бразилиялық футболшы «Ертіс» сапына қосылды
Фото: KazFootball.kz.
Павлодарлық «Ертіс» сапына бразилиялық ойыншы Лукас Рамос қосылды, деп хабарлайды Sport12.kz.
31 жастағы тірек жартылай қорғаушысы біздің командаға Польшаның Бірінші лигасында өнер көрсететін «Одра Ополе» клубынан ауысып келді. Өткен 2025/26 жылғы маусымда ол 25 матч өткізіп, 2 голдың авторы атанды.
Кәсіби мансабы барысында бразилиялық футболшы Грекия, Албания, Кипр, Индонезия және Польша чемпионаттарында өнер көрсетіп, «Аполлон Лариса», «Ламия», «Фламуртари», «Лячи», «Вероя», ПАЕК, «Дева Юнайтед», «Отеллос Атиену», «Котвица» және «Одра Ополе» клубтарының намысын қорғады.
Лукас алаң ортасында бірнеше позицияда ойнай алатын әмбебап футболшы. Бойы 187 сантиметр болатын жартылай қорғаушы халықаралық деңгейде мол тәжірибеге ие. Мансабы барысында ол Еуропа чемпионаттары мен еурокубоктарды қоса алғанда, 150-ден астам ресми матч өткізген.
Еске салсақ, бұдан бұрын Александр Меркель «Жеңіс» командасы сапынан кетті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан