9 сағат бұрын
Альваро Арбелоа мансабын Англия Премьер-лигасында жалғастырады
Испаниялық маман Альваро Арбелоа мансабын Англия Премьер-лигасында жалғастыруға жақын. 43 жастағы бапкердің басты үміткер ретінде «Фулхэмнің» тізімінде тұрғаны хабарланды.
Лондон клубы жаңа бас бапкер іздеу барысында Томас Франк, Эндж Постекоглу, Фрэнк Лэмпард, Абел Феррейра және Киран Маккенна секілді мамандардың кандидатурасын да қарастырған. Алайда қазіргі таңда Арбелоаның мүмкіндігі жоғары бағалануда.
Айта кетейік, Арбелоа бұған дейін мадридтік «Реалды» жаттықтырған болатын. Алайда маусым аяқталған соң «корольдік клуб» онымен қош айтысып, команданың тізгінін Жозе Моуриньоға сеніп тапсырды.
Сондай-ақ бұрын «Фулхэмнің» назарында болған Рубен Аморимнің ендігі мансабы Италияда жалғасуы мүмкін. Португалиялық маманның «Миланды» басқаруға жақын екені айтылуда.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан