9 сағат бұрын
«Атырау» құрамын күшейтпек
«Атырау» клубы екінші айналым қарсаңында құрамын күшейту жұмыстарын бастап кетті. Команданың қаралымына «Оқжетпес» пен «Жеңістің» жастар құрамаларында ойнаған төрт футболшы келді.
Сондай-ақ «мұнайшылар» сапына 22 жастағы шабуылшы Әліби Мұхит қосылуы мүмкін. Бұдан бөлек, ганалық вингер Жилберт Кумсонның трансфері де қарастырылып жатыр, деп хабарлайды AmanVIBE.
Клуб басшылығы маусымның екінші бөлігінде Премьер-лигадағы орнын сақтап қалу үшін тағы үш легионермен келісімшарт жасасуы ықтимал.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан