Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

8 сағат бұрын

Бүгін ҚПЛ-дың 13-туры жалғасады

Бүгін ҚПЛ-дың 13-туры жалғасады

Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының 13-туры аясында бес матч өтеді. Турдың алғашқы ойынында «Ұлытау» мен «Жеңіс» кездеседі. Матч Астана уақытымен 17:00-де басталады.

19:00-де бірден екі ойын өтеді. Турнир кестесінің көшбасшыларының бірі «Астана» өз алаңында «Ертісті» қабылдаса, «Елімай» семейлік жанкүйерлер алдында «Ордабасымен» күш сынасады.

Кешкі бағдарламаны 20:00-де басталатын екі кездесу түйіндейді. «Ақтөбе» өз алаңында «Алтайды» қабылдайды, ал Ақтауда жергілікті «Каспий» мен қызылордалық «Қайсар» кездеседі.

13-тур ойындары турнир кестесіндегі жағдайға елеулі әсер етуі мүмкін. Сондықтан жанкүйерлерді тартысты әрі қызықты футбол кеші күтіп тұр.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан