Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Елімай – Ордабасы матчынан кейін төрешіні әуежайдан полиция күтіп алды

Елімай – Ордабасы матчынан кейін төрешіні әуежайдан полиция күтіп алды

Семейде өткен ҚПЛ 13 туры аясында «Елімай» – «Ордабасы» матчының бас төрешісі Арман Исмуратовты Астана халықаралық әуежайынан полиция қызметкерлері күтіп алды, деп хабарлайды sport12.kz.

Қауіпсіздік қызметкерлерінің оны қандай мақсатта алып кеткені әзірге ресми түрде хабарланған жоқ.

Мачтан кейін әлеуметтік желіде «Елімай» жанкүйерлерінің Абай облысының әкімі Берік Уәлиге ресми шағым түсіргені жөнінде ақпарат жарияланған. Шағымда матчтағы төрешілік қана емес, Арман Исмуратовтың ойыннан кейін айтқан балағат, дөрекі сөздері және алдағы уақытта матчтармен қорқытуы да көрсетілген.

Кездесуден кейін «Елімайдың» бас бапкері Андрей Карпович төрешінің әрекетіне қатысты қатаң мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, Арман Исмуратов өзіне қатысты орынсыз сөздер айтып, матч аяқталғаннан кейін де қорқыту сипатындағы сөздер қолданған.

Бұл оқиға қазақстандық футболда үлкен резонанс тудырып отыр. Бұған дейін де Арман Исмуратовтың аты даулы жағдайлармен байланыстырылған еді. Енді «Елімай» жанкүйерлері мен футбол мамандары төрешінің әрекетіне қатысты ресми баға берілуін талап етуде.

Әзірге құқық қорғау органдары мен Қазақстан футбол федерациясы тарапынан ресми түсініктеме жарияланған жоқ.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан