Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

АҚШ кіргізбей қойған сомалилік төрешіге ФИФА толық сыйақы төлейді

АҚШ кіргізбей қойған сомалилік төрешіге ФИФА толық сыйақы төлейді

Фото:Gettysport

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) әлем чемпионатына шақырылған, бірақ АҚШ аумағына кіре алмаған сомалилік төреші Омар Артанға тиесілі төлемді толық өтейтін болды.

Артан финалдық кезеңде төрешілер құрамында жұмыс істеуі керек болған. Алайда АҚШ аумағына кіре алмады. Соған қарамастан, ресми тізімде тұрған маман ретінде оған қарастырылған қаржы толық беріледі.

Омар Артан Африка футбол конфедерациясы тарапынан құрлықтағы үздік төрешілердің бірі деп танылған. Оның әлем чемпионатына шақырылуы Сомали футболы үшін елеулі оқиға саналған еді. Егер мүмкіндік болғанда, ол әлем чемпионатының шешуші ойындарында қызмет еткен алғашқы сомалилік төреші ретінде тарихқа енер еді.

Елге оралған төрешіні жерлестері ерекше құрметпен қарсы алып, оны ұлттық футболдың мақтанышына балайды.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Бұл турнирге тарихта алғаш рет 48 ұлттық құрама қатысуда.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан