Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Рубен Аморис ағылшындық клубтан қуылғаннан кейін енді «Милан» тізгінін ұстайтын болды

Рубен Аморис ағылшындық клубтан қуылғаннан кейін енді «Милан» тізгінін ұстайтын болды

Фото:Gettysport

Италиялық «Милан» клубы португалиялық маман Рубен Амориммен келісімге келді. Бұл туралы инсайдер Фабрицио Романо хабарлады.

Мәліметке сәйкес, келісім 2028 жылдың маусымына дейін жасалған. Құжатта тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі де қарастырылған. Ал алдағы күндері келісім ресми түрде бекітіледі.

Аморим 2026 жылдың қаңтарында «Манчестер Юнайтедтен» қуылған еді. Ол ағылшын клубын екі маусым баптап, Еуропа лигасының финалына дейін жеткізген.

«Милан» болса өткен маусымды Массимилиано Аллегримен бастап, кейін бапкермен қоштасты. Команда А сериясында 5-орын алып, Чемпиондар лигасына жолдама ала алмады.


Енді миландық клуб жаңа маусымда команданы қайта жандандыру міндетін Аморимге сеніп тапсырып отыр.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан