5 сағат бұрын
Испанияға қарсы ойында қаһарман атанған қақпашының танымалдығы күрт өсті
Фото:Sport12
Футболдан әлем чемпионатында топтық кезең ойындары жалғасуда. Н тобындағы Испания – Кабо-Верде матчы сенсацияға толы болды.
Матч алдында сарапшылар мен жанкүйерлер Испания құрамасы қарсыласын сенімді түрде жеңеді деп болжаған еді. Алайда ойын мүлде басқаша өрбіді. Кабо-Верде дебюттік матчта фаворитке лайықты қарсылық көрсетіп, қорғаныста сауатты ойынымен көзге түсті.
Испания допқа көбірек иелік еткенімен, қарсыластың қорғанысын бұза алмады. Матч барысында шамамен 70 пайыз доп бақылауы испандықтардың еншісінде болды.
Ойынның басты қаһарманы – Кабо-Верде қақпашысы Жосимар Диас (лақап аты – Возинья). 40 жастағы қақпашы бірнеше қауіпті соққыны қайтарып, командасын жеңілістен құтқарып қалды.
Ол Оярсабаль мен Торрестің бірнеше мүмкіндігін сәтті тойтарып, жалпы есеппен 7 сейв жасады. Соның арқасында матч 0:0 есебімен аяқталды.
Бұл нәтиже Кабо-Верде құрамасына әлем чемпионатындағы алғашқы ұпайын әкелді.
Ойыннан кейін Жосимар Диастың танымалдығы күрт артты. Бұған дейін оның әлеуметтік желідегі парақшасына шамамен 50 мың адам жазылған болса, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 7,5 миллионға жеткен.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан