17.06.2026
ӘЧ-2026: Мбаппе дублі Францияға жеңіс сыйлады
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының I тобында Франция құрамасы алғашқы кездесуінде Сенегалды 3:1 есебімен жеңді.
Матчтың бірінші таймында жанкүйерлер гол көрмеді. Есеп тек 67-минутта ашылды. Майкл Олизенің нәтижелі пасынан кейін Килиан Мбаппе мергендік танытты.
82-минутта Брэдли Барколя командасының басымдығын еселей түсті. Француз шабуылшысы Адриен Рабьоның ұзақ пасын тиімді пайдаланып, қақпашының үстінен асыра дәл соққы жасады.
Қосымша уақыттың бесінші минутында Ибраһим Мбайе Сенегалдың үмітін оятқанымен, арада екі минут өткенде Мбаппе дубль авторы атанып, матчтың қорытынды есебін белгіледі – 3:1.
Осылайша, Франция құрамасы әлем чемпионатындағы жорығын жеңіспен бастап, топтық кезеңдегі алғашқы үш ұпайына қол жеткізді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан