2 сағат бұрын
Дастан Сәтпаев Англияға аттанар алдында «Қайрат» сапында екі гол соқты
Фото: «Қайрат» футбол клубы
Бүгін Қазақстан Премьер-лигасында ХVІІ турының алдын ала өткізілген ойынында «Қайрат» (Алматы) - «Қызылжар» (Петропавл) командалары кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Алматылық команда соңғы үш турда жеңіске жете алмай келді.
Екі мәрте тең түссе, бір мәрте қарсыласына есе жіберіп қойды. Салдарынан турнир кестесінде жағдайын қиындатып, бас жүлдеге таласта шымкенттік «Ордабасыдан» үш ұпайға қалып қойды.
Сондай-ақ бұл кездесуде қазақстандық жас жұлдыз Дастан Сәтпаев алматылық клуб сапында соңғы матчын өткізетіні белгілі болды. Енді ол Англияның «Челси» клубына ауысып, ел футболында сол елде ойнайтын тұңғыш футболшы атанады.
Дастан алматылық клуб сапындағы соңғы кездесуінде жанкүйер көңілінен шығатын шеберлігін көрсете білді. Ойынның 59-минутында ол алғашқы голын соқса, 87-минутта тағы бір мәрте мергендік танытты. Тағы бір голды алматылық клубтың жас футболшысы Исмаил Бекболат өзінің еншісіне жазды.
Ел біріншілігінде алдағы тур ойындары 20 және 21 маусым күндері өткізіледі.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан