7 сағат бұрын
Испанияға қарсы матчтан кейін танымал болған қақпашының анасына АҚШ-қа кіруге рұқсат берілді
Фото:Gettysport
АҚШ билігі Испанияға қарсы ойында көзге түсіп, әлемдік деңгейде танымал болған Кабо-Верде қақпашысы Возиньяның анасына елге кіруге рұқсат берді.
BBC Sport мәліметінше, визалық қиындықтарға байланысты Ана Кандида Эвора ұлының тарихи матчын стадионнан тамашалай алмаған. Дегенмен мәселе шешімін тауып, ол қажетті құжаттарын рәсімдеп, енді Майамиде өтетін Кабо-Верде – Уругвай ойынын трибунадан көре алады.
40 жастағы қақпашы Возинья әлем чемпионатындағы алғашқы ойында Испанияға қарсы қақпасын голдан сақтап қалып, 7 сейв жасады.
Сол матчта ол үздік ойыншы атанып, командасына маңызды ұпай сыйлады. Осыдан кейін оның танымалдығы күрт артып, әлеуметтік желілерде миллиондаған жаңа жазылушы жинады.
Кабо-Верде құрамасы келесі матчын 22 маусымға қараған түні Уругвайға қарсы өткізеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан