Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Дастан Сәтпаев ерекше мәлімдеме жасады

Дастан Сәтпаев ерекше мәлімдеме жасады

Фото:»Қайрат» фк

Футболшы Дастан Сәтпаев әлеуметтің желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялады.

Ол “Қайрат” клубымен қош айтысып, командаға, бапкерлері мен бірге доп тепкен әріптестеріне алғыс білдірді. Сондай-ақ ол сары-қаралар жейдесін кигенін ерекше мақтан тұтатынын атап өтті.

“Pақмет, «Қайрат»! Өмірімнің ең маңызды жылдары осы клубпен байланысты. Осында өсіп, білім алып, күнде өзімді дамытуға тырыстым. Бұл клуб маған үлкен футболдағы алғашқы қадамымды жасап, арманымның соңынан жүруге мүмкіндік берді. Жанкүйерлердің қолдауын әрдайым сездім. Академиядағы барлық бапкерге, негізгі команданың бапкерлер штабына, клуб басшылығына, Қайрат Советайұлына, алаңдағы барлық серіктесіме алғыс айтамын! Сары-қара жейдені кию мен үшін үлкен мәртебе болды. Бұл сәттер жүрегімде мәңгі сақталады!”, — деді Дастан Сәтпаев.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев 17 маусым күні “Қызылжарға” қарсы ойында “Қайрат” сапындағы соңғы ойынын өткізді. Ол айтулы матч барысында дубль авторы атанып, “Қайрат” сапындағы мансабына ерекше нүкте қойды.

Дастан Сәтпаев алдағы уақытта Англияның “Челси” клубына ауысып, мансабын Еуропада жалғастырады.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан