Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Қысқы Олимпиада жүлдегері Михаил Шайдоровқа сыйақысы төленді

Қысқы Олимпиада жүлдегері Михаил Шайдоровқа сыйақысы төленді

Фото: Қазақстан ҰОК

Қысқы Олимпиада жүлдегері мен бапкерлерге 250 миллион теңгеден астам сыйақы төленді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде ҚР Туризм және спорт министрлігі мәлім етті.

Қазақстан Республикасы Үкіметі 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен XXV қысқы Олимпия ойындарының жеңімпазы Михаил Шайдоров (мәнерлеп сырғанау) пен үздік алтылыққа енген Надежда Морозоваға (конькимен жүгіру) ақшалай сыйақы беру туралы қаулы қабылдады.

Қаулыға сәйкес, Үкімет резервінен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына төлемдер бөлінді. Жалпы алғанда, 2 спортшы мен 5 жаттықтырушы ақшалай сыйақы алды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Михаил Шайдоровқа 250 000 АҚШ доллары, Надежда Морозоваға 5 000 АҚШ доллары мөлшерінде ақшалай сыйақы қарастырылған.

Ақшалай сыйақы жүлдегер спортшылардың алғашқы, жеке және бас жаттықтырушыларына төленді.

Сонымен қатар Олимпиада жүлдегерлеріне жергілікті атқарушы органдар тарапынан қосымша қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, әкімдіктер спортшыларға жергілікті коммуналдық тұрғын үй қорынан тегін пәтер береді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың жаңа маусымдағы жарыс кестесі жарияланды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан