18.06.2026
«Елімай» 175 минут ойнаған албаниялық қорғаушы командадан кетті
Фото: Елімай» футбол клубы
«Елімай» албаниялық қорғаушы Эдисон Ндрецамен екіжақты келісім негізінде келісімшарт мерзімінен бұрын тоқтатты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті
Эдисон «Елімай» сапында ресми матчтарда 175 минут жасыл алаңда өнер көрсетіп, командамыздың намысын қорғады.
- «Елімай» футбол клубы Эдисонға клубымыздағы еңбегі үшін алғыс айтып, алдағы мансабына зор табыс, мықты денсаулық және жаңа белестер тілейді, - деп жазылған хабарламада.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Елімай» португалиялық қақпашымен келісімшартты тоқтатты.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан