4 сағат бұрын
“Астана” клубына жаңа бас директор тағайындалды
«Астана» футбол клубының бас директоры қызметіне Алтай Алмасұлы тағайындалды.
Клубтың хабарлауынша, жаңа бас директордың отандық футбол құрылымында тәжірибесі бар. Ол бұған дейін Қазақстан футбол федерациясы жүйесінде қызмет атқарып, футбол менеджменті саласында біліктілік жинаған. Сонымен қатар UEFA CFM бағдарламасының түлегі, Қазақ спорт және туризм академиясында «Спорт менеджменті» бағыты бойынша докторантураны аяқтаған.
Клуб басшылығы Алтай Алмасұлына жаңа қызметінде сәттілік тіледі.
Айта кетейік, бұған дейін бұл қызметті Қайсар Бекенов атқарған.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан