3 сағат бұрын
«Жеңіс» сапынан кеткен Александр Меркель «Астанаға» ауысты
«Астана» футбол клубы жартылай қорғаушы Александр Меркельмен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде хабарлады.
34 жастағы футболшы бұған дейін елордалық «Жеңіс» командасының сапында өнер көрсеткен. Ол биылғы маусымның қысқы трансфер кезеңінде клубқа қосылып, барлық турнирлерде 11 матч өткізді.
Александр Меркель – Германияның «Штутгарт» және Италияның «Милан» академияларының түлегі. Ол Еуропаның бірқатар жетекші чемпионаттарында ойнап, «Милан», «Дженоа», «Удинезе», «Уотфорд», «Хераклес» секілді клубтардың намысын қорғаған.
Футболшы 1992 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Өз мансабында Германия, Италия, Англия, Швейцария, Нидерланд, Австрия, Сауд Арабиясы, Түркия және Біріккен Араб Әмірліктерінің чемпионаттарында доп тепкен.
2015–2019 жылдар аралығында Александр Меркель Қазақстан ұлттық құрамасы сапында да ойынаған.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан