2 сағат бұрын
«Қайсар» бразилиялық қорғаушыны қатарға қосты
Фото: «Қайсар» футбол клубы
«Қайсардың» құрамын бразилиялық қорғаушы Клайдер Маседо толықтырды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Клайдер кәсіби мансабын өз отанында бастап, 2022 жылы Еуропаға бағыт алады. Алдымен болгариялық «Берое», «Крумовград» сынды командалардың намысын қорғайды. Мұнан кейін Армения чемпионатындағы «Ван», «Алашкерт» сапында доп теуіп, Еурокубоктық бәсекелердің жолдамасын жеңіп алуға атсалысады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордалық «Қайсар» жартылай қорғаушы Айбол Әбікеннің команда құрамынан кеткенін ресми түрде жариялады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан