2 сағат бұрын
Әлем кубогында қазақстандық боксшылар жартылай финалда кімдермен кездеседі?
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан әлем кубогы екінші кезеңінде ертең, 20 маусымда қазақстандық сегіз боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Беделді бәсекеге ел құрамасынан 17 боксшы аттанған еді. Олардың 8-і жартылай финалға жетті.
Бұл жөнінде Қазақстан бокс федерациясы мәлім етті.
20 маусым
09:00 A рингі
70 келі. Абылайхан Жүсіпов - Зеяд Еашаш (Иордания)
80+ келі. Дина Исламбекова - Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан)
09:00 B рингі
54 келі. Назым Қызайбай - Натнича Чонгпронгкланг (Тайланд)
60 келі. Виктория Графеева - Ситора Турдибекова (Өзбекстан)
80 келі. Валерия Аксенова - Давина Мишель (Франция)
15:30 A рингі
50 келі. Санжар Ташкенбай - Мартин Молина Сальвадор (Испания)
65 келі. Аида Әбікеева - Беатриз Феррейра (Бразилия)
90+ келі. Айбек Оралбай -Джоэл Рамос (Бразилия).
Сондай-ақ бұдан бұрын қазақстандық боксшылар Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында 20-26 сәуір аралығында өткен әлем кубогын үздік үштікте аяқтады. Жерлестеріміз беделді бәсекені үш алтын, бір күміс, үш қола медальмен аяқтады.
Ал финалдық кезең қараша айында Өзбекстанда өтеді. Дегенмен нақты күні мен жарыс өтетін қала әзірге белгіленген жоқ.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан