8 сағат бұрын
«Ертіс» жас қорғаушымен құрамын күшейтті
Қазақстандық жас қорғаушы, жастар құрамасының ойыншысы Сағи Маліқайдар павлодарлық «Ертіс» клубымен ресми келісімшартқа қол қойды.
21 жастағы футболшы Оңтүстік Қазақстан футбол мектебінің түлегі. Ол кәсіби мансабын «Тұран» жастар командасында бастап, 2025 жылы Түркістан клубы сапында Қазақстан Премьер-лигасында дебют жасаған.
Биылғы маусымда Маліқайдар «Ұлытау» клубында өнер көрсетіп, 12 матчта 1 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген.
Жаңа командасында Сағи 66-нөмірмен ойнайды. Қазір ол ресми түрде «Ертіс» ойыншысы ретінде тіркелді. Павлодарлық клуб бүгін сырт алаңда елордалық «Жеңіс» командасымен кездеседі.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан